«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 Қаулысы (2023.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 Қаулысы
(2023.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2021.09.07. № 472 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысын қараңыз (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа