Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 472 Қаулысы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 472 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Министрліктің миссиясы:

бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және оның тұрақты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен қоғамдық даму институттары әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын құру және тиімді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету.»;

15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ақпарат, ақпаратқа қол жеткізу, балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Функциялары:

орталық аппараттың функциялары:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку