«Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 89 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 89 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 175-нқ бұйрығымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 89 бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының
алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа