«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңы (2025.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
(2025.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілері
5-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері
6-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің санаттары
8-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
10-бап. Уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
14-бап. Меншік құқығы субъектілері
15-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік
16-бап. Тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің құқықтары
17-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерi меншік иелерінің және оларды пайдаланушылардың міндеттері
18-бап. Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін алып қою
19-бап. Тарих және мәдениет ескерткішіне меншік құқығын иелену кезіндегі артықшылықтар
20-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
21-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдері
22-бап. Тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия
23-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану
24-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібі мен шарттары
25-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыру
27-бап. Қала құрылысы жобаларын келісу
28-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары
29-бап. Тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және оны өзгерту
30-бап. Аумақтарды игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
32-бап. Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар және оларды жоспарлау
34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру және оларды жоспарлау
35-бап. Мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбені табу
36-бап. Тарихи-мәдени сараптама
39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану үшін жағдайлар жасау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді қолдау;
4) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттар үшін тарихи-мәдени мұра объектілерінің жалпыға бірдей қолжетімді болуы.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ансамбльдер мен кешендер - фортификациялық, сарай, тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік, сауда, өндірістік, ғылыми, оқу, ғибадат ету мақсатындағы оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, құрылыстар мен құрылысжайлардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда тұйықталған қоныстардың тарихи жоспарлану және салыну фрагменттері;
2) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, көне кесендердің, қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, қорымдар, қорғандар, некропольдер, мегалиттік құрылысжайлар, тас мүсіндер, петроглифтер, ежелгі елді мекендердің тарихи-мәдени қабатының учаскелері және адамның өмірі мен қызметінің ізі бар өзге де орындар;
3) археологиялық жұмыстар - археологиялық қазбалар мен барлау жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі жұмыстар;
4) киелі объектілер - айтулы тарихи оқиғалармен және аса көрнекті тұлғалармен, сондай-ақ халықтың рухани құндылықтарымен байланысты тарихи және есте сақтарлық жерлер, қолмен жасалған және табиғи ғибадат ету объектілері, ландшафттар, құрылысжайлар;
5) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімі - ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне қосу үшін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесі;
6) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулеті, халық сәулетшілігі құрылысжайлары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саябақ өнері туындылары, табиғи ландшафттар;
7) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі мен тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің немесе оны пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын тіркейтін құжат;
8) мемориалдық тақта - аса көрнекті тұлға немесе айшықты оқиға туралы ақпарат қамтылатын, ғимараттар мен құрылысжайлардың қасбеттеріне орнатылатын, мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалатын тақтайша;
9) монументтік өнер құрылыстары - аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументтік өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер);
10) тарих және мәдениет ескерткіштері - Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері;
11) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар - тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік жұмыстар;
12) Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған, түрі, санаты және координаттары көрсетілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі;
13) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығы оның меншік иесімен жасалатын шарт негізінде берілген жеке немесе заңды тұлға;
14) тарихи-мәдени мұра объектілері - тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетика, этнология, антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық туғызатын, тарихи процестер мен оқиғалар нәтижесінде пайда болған, өздерімен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым, техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын объектілер;
15) тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізімі (бұдан әрі - алдын ала есепке алу тізімі) - зерделеуге және тиісті мәртебесін айқындауға жататын, жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
16) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу дәрежесін анықтауға бағытталған зерттеу;
18) тарихи-сәулет тірек жоспары - тиісті жергілікті жердегі тарих және мәдениет ескерткішінің аумағы мен орналасқан жерін тіркейтін құжат;
19) Ұлттық пантеон - аса көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды мәңгі есте сақтау мақсатында салынған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуге арналған орын;
20) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізімі - ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің шешімі негізінде қалыптастырылатын дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра объектілерінің тізбесі.
4-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілері
1. Анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары алдын ала есепке алу тізіміне енгізеді және олардың мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуға жатады.
2. Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізуді не оларды алдын ала есепке алу тізімінен алып тастауды тиісті мемлекеттік органдар олар алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде жүргізеді.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
4. Тарихи-мәдени мұра объектілері республикалық немесе жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген күннен бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесіне ие болады.
5-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері
1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
2) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
5) монументтік өнер құрылыстары.
2. Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларға меншік құқығын өзгертудің және оларды мәртебесінен айырудың ерекше құқықтық режиміне ие болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастауға объект физикалық тұрғыдан толық жойылған және (немесе) тарихи-мәдени маңыздылығын жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдейді. Тарих және мәдениет ескерткіші туралы жаңа мәліметтер алынған кезде тарих және мәдениет ескерткішінің паспортына жаңа мәліметтері бар қосымша қоса беріледі.
6-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің санаттары
Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай санаттарға бөлінеді:
1) дүниежүзілік тарих пен мәдениет үшін ерекше маңызды, халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері;
2) Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызды, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызды, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері.
7-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғалардың қатысуы
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін кеңінен танытуға қатысады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
8-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық осы Заңға және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
1) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан;
2) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;
3) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, олардың аумақтарында орналасқан, бірақ Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Ұлттық пантеон туралы ережені бекітеді;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлейдi;
4) тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және оларды Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
5) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айырады және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастайды;
6) Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келіседі;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келіседі;
8) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастырады;
9), 10) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келіседі;
12) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келіседі;
13) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
14) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
19) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
20) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
23) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлейді және бекiтедi;
24) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қоспағанда, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
2) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қоспағанда, тиісті аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
4) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың іс-шараларын орындауды, тарихи-сәулет тірек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қоспағанда, барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жоспарын қоспағанда, тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
7) қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және береді, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылайды;
8) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;
9) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
10) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;
12) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
13) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айырады және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастайды;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:
1) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау және кеңінен таныту жөнiндегі iс-шараларды жүргiзуге тартады;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерінің құзыреті шегiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, бұзылу қатерін жою туралы хабар береді;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы ұсыныстар енгізеді;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау