«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 Қаулысы (2022.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 Қаулысы
(2022.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 17 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.12.02. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 17 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.12.02. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа