(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ ШЫҒЫНДЫЛЫҒЫН...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 Қаулысы
(2020.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 17 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 17 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа