«Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 Қаулысы (2021.31.12. берілген өзгерістермен)
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 Қаулысы
(2021.31.12. берілген өзгерістермен)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2021.31.12. № 982 Қаулысымен ажырату өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 854 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату
Р/с № | Ұлттық компанияның атауы | Қызмет түрі |
Демо – версия документа