«Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 Қаулысы (2018.10.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 Қаулысы
(2018.10.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 854 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 189 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар
қызметінің аражігін ажырату
Р/с № | Ұлттық компанияның атауы | Қызмет түрі |
1 | 2 | 3 |
1. | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы | мұнай және газ ресурстарын, өндіру процесін сумен қамтамасыз үшін жерасты суларын барлау және өндіру |
Документ утратил силу
Демо – версия документа