«2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексін, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 87-ө Өкімі
2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексін, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 87-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы 2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 9 сәуірдегі заңдарына негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Су кодексін және көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 2 маусымдағы
№ 87-ө өкімімен бекітілген
Демо – версия документа