«Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығы (2020.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығы
(2020.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2018.09.04. № 452 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы «Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 5-бабы 5-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2018.09.04. № 452 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
1-қосымша
Темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету
қағидалары
Демо – версия документа