(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АЙНАЛЫМ...
Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 5-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрiнің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
1-қосымша
Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы
туралы декларацияны табыс ету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңның 5-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) табыс етудің мерзімі және тәртібін айқындайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (440.00-нысан) және қосымшалардан 1, 2, 3 (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа