Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 920 Қаулысы (2019.25.01. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 920 Қаулысы

(2019.25.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2019.25.01. № 19 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2019.25.01. № 19 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингі комитетiнің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

ҚР Үкіметінің 2019.25.01. № 19 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2018 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 920 қаулысына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің

қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции