(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІР ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 920 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі департаментінің банктермен өзара іс-қимыл басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитетінің банктермен өзара іс-қимыл басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингі комитетiнің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкiметiнiң
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 920 қаулысына
1-қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа