(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУДИТОРЛЫҚҚА КАНДИДАТТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚА...
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығы
(2024.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.25.05. № 487 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2010.25.02. № 88 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2021.25.05. № 487 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
1) «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1876 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 30, 650-құжат);
2) «2002 жылғы 30 мамырдағы № 248 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 17 қазандағы № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2025 болып тіркелді) күші жойылған деп танылсын.
3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Коржова |
ҚР Қаржы министрінің 2021.25.05. № 487 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа