«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 88 бұйрығы
«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 88 бұйрығы
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4354 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146) «Заң газеті» газетінде жарияланған)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ «(бұдан әрі - Ереже)» деген сөздермен толықтырылсын;
аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу Ережесінде:
4-тармақта «әр 3 (үш) айда, жылына 4 (төрт) рет» деген сөздер «жылына кемінде 2 (екі) рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіби бухгалтердің сертификаты бар аудиторлыққа кандидаттар мынадай:
бухгалтерлік есеп;
салықтар және салық төлеушілер;
Демо – версия документа