«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 және «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 25 қарашадағы № 367 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 және «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 25 қарашадағы № 367 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа