«Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығы (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2018.22.08. № 326 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.25.11. № 367 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2018.22.08. № 326 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйеге жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
20014 жылғы 27 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә.Исекешев
20014 жылғы 28 қараша
Демо – версия документа