«Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығы (2022.05.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығы
(2022.05.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.05.08. № 307 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 214 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14463 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Документ утратил силу
Демо – версия документа