(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СУДЬЯЛЫҚҚА КАНДИДАТТЫҢ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУІ ТУРАЛЫ ЕР...
Осы редакция 2017 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2013.02.07. № 595 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.22.02. № 201 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ереже
(2016.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің шарттары мен тәртібін белгілейді.
2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрі - тағылымдамашы-кандидат) тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеттері жергілікті соттарда жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
Тағылымдамадан өту тағылымдамашы-кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70%-ы мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.
3. Конституциялық заңда көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап төрт жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген адамдардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Редакция документа
Демо – версия документа