«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 595 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 351-құжат; 2012 ж. № 54, 717-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ереже осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 2-і.
№ 595
Президентінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 595 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары мен тәртібін айқындайды.
Демо – версия документа