Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.26.06. № 643 ЖАРЛЫҒЫМЕН БЕК...

Осы редакция 2013 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2001 жылғы 26 маусымдағы

№ 643 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ЕРЕЖЕ

(2012.18.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) сәйкес судьялыққа каидидаттың тағылымдамадан өту талаптары мен тәртібін айқындайды.

ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.

Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың іскерлік, кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

ҚР Президентінің 2009.13.02. № 738 Жарлығымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2012.18.05. № 329 Жарлығымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

2-1. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептер бойынша судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап бес жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.

Мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған тұлғалардың оқуды аяқтаған күннен бастап бес жыл ішінде тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку