(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.26.06. № 643 ЖАРЛЫҒЫМЕН БЕК...
Осы редакция 2012 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ЕРЕЖЕ
(2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң шарттары мен тәртібін айқындайды.
ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың іскерлік, кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 2009.13.02. № 738 Жарлығымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 2011.01.04. № 1177 Жарлығымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Жүктелген міндеттерді орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, Сот жюриінің қорытындысына байланысты не тәртіптік қылықтар жасағаны үшін судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген тұлғалардың, сондай-ақ бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап алты жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары мен қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан босатылған адамдар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.
Редакция документа
Демо – версия документа