(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САУДА БАЗАРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН...
Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат);
2) «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 15-16, 76-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 2 қазандағы
№ 633 қаулысымен
бекітілген
Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға,
жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа