«Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 25 ақпандағы № 111 Қаулысы (күші жойылды)
Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 25 ақпандағы № 111 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Қағидалардың 7-тармағын, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Yкiметiнің
2016 жылғы 25 ақпандағы
№ 111 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 5 ақпандағы
№ 131 қаулысымен
бекiтiлген
Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа