(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ»...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
(2022.01.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 3-і.
№ 188
ҚР Президентінің 2016.27.09. № 341 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2018.13.06. № 701 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2018.30.10. № 782 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.26.02. № 862 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2019.01.06. № 57 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 608 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.01.06. № 905 Жарлығымен (2022 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Шипп Денис Алексеевич | - Төраға |
мүшелері:
Кузнецова Надежда Николаевна | - Қарағанды облыстық сотының судьясы |
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - «Қазақстанның заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша), |
Елемесов Нұрмаханбет Мақсұтұлы | - Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, |
Редакция документа
Демо – версия документа