«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 701 Жарлығы (2023.26.04. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2023.26.04. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2018 жылғы маусымның 13-і.
№ 701
Президентінің
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 701 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамында:
жоғарыда аталған Комиссияның құрамына:
Кəлетаев Дархан Аманұлы енгізілсін; | Қазақстан Республикасының Дін істері жəне азаматтық қоғам министрі |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.Б. Ермекбаев шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамында:
жоғарыда аталған Комиссияның құрамына:
Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы | - | Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы хатшылығының басшысы (келісім бойынша), |
Демо – версия документа