(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕНШIКТЕГI СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ...
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 Қаулысы
(2019.13.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiліп отырған республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1265 Қаулысымен; 2007.12.10. № 939 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 951 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.12. № 1492 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.08. № 1063 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.04. № 348 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.31.07. № 851 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.11.09. № 556 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 899 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.05. № 278 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1344 қаулысымен
бекiтілген
Республикалық меншіктегi су шаруашылығы құрылыстарының
тiзбесі
1. Мынадай су объектілерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
1) Есіл өзенiндегi Астана су қоймасы
2) Сілетi өзенiндегi Сілетi су қоймасы
3) Қоянды өзенiндегi Қоянды су қоймасы
4) Шелек өзенiндегi Бартоғай су қоймасы
5) Елек өзенiндегi Ақтөбе су қоймасы
6) Қарғалы өзенiндегi Қарғалы су қоймасы
7) Сазды өзенiндегi Сазды су қоймасы
8) Үйдене өзенiндегi Үйдене су қоймасы
9) Қандысу өзенiндегi Қандысу су қоймасы
10) Шар өзенiндегi Шар су қоймасы
11) Егiнсу өзенiндегi Егiнсу су қоймасы
12) Қаракөл өзенiндегі Қаракөл су қоймасы
13) Ұлан өзенiндегi «Алебастр» су қоймасы
14) Есіл өзенiндегi Сергеев су қоймасы
15) Есіл өзенiндегi Петропавл су қоймасы
16) Терiс өзенiндегi Терiс Ащыбұлақ су қоймасы
17) Шу өзенiндегi Тасөткел су қоймасы
Редакция документа
Демо – версия документа