«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 951 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 951 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
«Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)» деген І-бөлімде:
1) тармақшадағы «Вячеслав» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 64), 65), 66) тармақшалармен толықтырылсын:
«64) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;
65) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;
66) Чаглинка өзеніндегі Чаглинка су қоймасы.»;
«Мынадай су шаруашылығы құрылыстары» деген 2-бөлімде мынадай мазмұндағы 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) тармақшалармен толықтырылсын:
«99) Солтүстік Арал теңізінің су тартқыш бөгеті;
100) Белая өзеніндегі су тартқыш бөгеті;
101) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су тораптары;
102) Краснобор су қоймасы;
103) Шымбұлақ бөгеті;
104) Сол жағалау және Оң жағалау магистральды каналдарымен Тасқұтан су тартқыш бөгеті;
105) Құрақсу бөгеті;
106) Кобяково - Забурунье каналының бас бөлігіндегі бөгет;
107) Тоғыс су қоймасының қосымша су беретін Сол жағалау каналы;
108) Бөген су қоймасының қосымша су беретін Арыс каналы;
109) Базарбай магистральды каналы;
110) Раис магистральды каналы;
111) Қож магистральды каналы.»;
«Топтық су құбырлары» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) Іле ауданындағы Бозой топтық су құбыры;
23) Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген топтық су құбыры.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |