«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 552 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 552 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 552 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысы.
2. «Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы.
3. «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысы.
Демо – версия документа