«Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 Қаулысы (күші жойылды)
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 48) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. «Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 875 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 35, 357-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше
жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын,
мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану
қағидалары
Документ утратил силу
Демо – версия документа