«Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 106-НҚ бұйрығы
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 106-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнаулы су пайдалануға рұқсат нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 106-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
Нысан
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған
өтініш
Кімге: _____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) |
Кімнен: ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) |
Демо – версия документа