Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 196 Қаулысы (күші жойылды)

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 196 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері айқындалсын.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 13 сәуірдегі

№ 196 қаулысына

1-қосымша

 

 

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік

қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының

тізбесі мен лимиттері

 

Р/с

Қаржы құралының түрі

1

2

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда, инвестициялау мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің қырық процентінен кем емес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмитенттелгендерді қоса алғанда)

2.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің он бес процентінен аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку