«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының қырық тоғызыншы абзацы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«125) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының елуінші, елу бірінші абзацтарын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 528 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:
«129-1) халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қараудың болуын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;».
Документ находится в стадии обработки
Демо – версия документа