(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 17.07.01 Ж. № 245-II ҚР ЗАҢЫ
Автомобиль жолдары туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 245-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару | |
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, концессия, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Редакция документа
Демо – версия документа