Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 17.07.01 Ж. № 245-II ҚР ЗАҢЫ

Автомобиль жолдары туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 245-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  1-тарау. Жалпы ережелер                    (1 -   6 баптар)
  2-тарау. Автомобиль жолдарының жері        (7 -  10 баптар)
  3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік   (11 - 19 баптар)
           реттеу және басқару                         
  4-тарау. Автомобиль жолдарын пайдалану     (20 - 27 баптар)
  5-тарау. Қорытынды ережелер                (28 бап)
 

Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер жүрісіне арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі;

2) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

3) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку