«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 Қаулысы (2018.25.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 Қаулысы
(2018.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 459 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 522 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 522 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.»;
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа