2018.29.12. берілген өзгерістермен)«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 Қаулысы (2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 Қаулысы
(2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 522 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
1-тарау. Бағдарламаның паспорты
Атауы | «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы |
Документ утратил силу
Демо – версия документа