(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМ...
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы
(2022.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Қоса берілген:
1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже;
2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн.
ҚР Президентінің 14.05.04 ж. № 1368 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-1 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн.
ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен 1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 2020.16.07. № 372 Жарлығымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-2. Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 94»Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат):
1-тармақта:
бiрiншi абзацта «250 халықаралық стипендиясы» деген сөздер «халықаралық стипендиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа