«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 372 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан əрі - Іріктеу қағидалары) сəйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;»;
3) жəне 4) тармақшалар алып тасталсын;
Демо – версия документа