(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ, ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ САЛАСЫНД...
Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы
(2017.18.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.18.01. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Аэротүсірілім жұмыстарын тіркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
Редакция документа
Демо – версия документа