«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 2-қосымша) (2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.02.04. № 122/НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
2-қосымша
«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күні.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа