«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 5-қосымша) (2019.30.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
5-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістермен)
1. «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа