«Ақпарат және телерадио хабарларын тарату саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 367 бұйрығы
Ақпарат және телерадио хабарларын тарату саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 367 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны мен ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелерінің дұрыс толтырылуын тексереді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа