«Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы (2024.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы
(2024.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.30.10. № 502-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.21.01. № 16 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.25.02. № 50 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.30.10. № 502-НҚ бұйрығымен (2024 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Абаев |
Демо – версия документа