(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ КЕЙБІР НОРМА...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 128 Қаулысы
(2017.29.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшамен ресімделген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Келесі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1646 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 34 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 тіркелген, 2006 жылғы 1 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 158 (964) жарияланған).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 128 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа