1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 Қаулысы (2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 Қаулысы
(2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 128 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 70 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.29.04. № 38 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 70 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп белгiленген тәртiппен осы қаулыны және бекітілген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тiлде және орыс тілінде) жарияласын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа