(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫНДА ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУҒА ЛИЦ...
Осы редакция 2019 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына
1-қосымша
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.07.12. № 849 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі:
1) теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензияны беру, қайта ресімделген лицензияны беру (бұдан әрі - лицензия);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.07.12. № 849 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) лицензияны беру:
жауапты орындаушысымен өтінішті 14 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
Редакция документа
Демо – версия документа