(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫНДА ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУҒА ЛИЦ...
Осы редакция 2017 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына
1-қосымша
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі:
1) теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензияны беру, қайта ресімделген лицензияны беру (бұдан әрі - лицензия);
2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1-тармағымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі - бас тарту) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағына сәйкес өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) лицензияны беру:
жауапты орындаушысымен өтінішті 14 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы.
Редакция документа
Демо – версия документа