(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІЛІК ШАРТТАР НЫСАНДАРЫН БЕКІТУ ТУРА...
Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасы төрағасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 Қаулысы
(2020.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 265 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 265 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысаны;
2) қоса беріліп отырған Кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 67 қаулысымен
бекітілді
Нысан
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 265 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық
үлгілік шарт
20 ___ жылғы «___» ___________ | _____________________________ |
| (елді мекен атауы) |
Осы Кастодиандық шарт (бұдан әрі - Шарт) мынадай тараптардың арасында жасалды:
Арнайы қаржы компаниясы
_______________________________________________________________________________________________________,
(компанияның атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлігінің нөмірі және күні),
Редакция документа
Демо – версия документа