(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТТАР НЫСАНДАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»...
Кастодиандық үлгі шарттар нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасы төрағасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартының нысаны;
2) қоса беріліп отырған Кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 67 қаулысымен
бекітілді
Нысан
Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ
инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық
үлгі шарты
20 ___ жылғы «___» ___________ | _____________________________ |
| (елді мекен атауы) |
Осы Кастодиандық шарт (бұдан әрі - Шарт) мынадай тараптардың арасында жасалды:
Арнайы қаржы компаниясы
_______________________________________________________________________________________________________,
(компанияның атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлігінің нөмірі және күні),
бұдан әрі «Компания» деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын
________________________________________________________________________________________________ арқылы,
(лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты),
Инвестициялық портфельді басқарушы
_______________________________________________________________________________________________________,
Редакция документа
Демо – версия документа